2013 жылдың 24 сәуірінде "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

15.03.13 15:35
/KASE, 15.03.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2013 жылдың 24 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банктің 2012 жылға аудиттелген шоғырланған қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2012 жылға банктің таза табысын мен бір жай акциясына есебіндегі дивидендтер мөлшерін бөлу тәртібін анықтау; - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу; - банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу; - банктің жарғысына және корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтыруларға қол қоюға өкілетті тұлғаны анықтау; - акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеті жайында өтініштері мен олардың қаралуының қорытындысы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Жеңіс даңғ., 29, 214 каб. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 25 әуірінде сағат 12:00-де жоғарыда аталған мекен- жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Астана қ., Жеңіс даңғ., 29, 214 каб. мекен-жайы бойынша танысуларына болады.