MAX PETROLEUM PLC (Біріккен Корольдігі) GB00B0H1P667 (GB_MXPT) жай акциялары 15 наурыздан бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

15.03.13 13:23
/KASE, 15.03.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 28 ақпандағы шешімімен MAX PETROLEUM PLC (Лондон) GB00B0H1P667 (GB_MXPT) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 15 наурызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады MAX PETROLEUM PLC акцияларын ұстаушылардың жүйесін жүргізушісі Capita Registrars Limited (Кент, Ұлыбритания) болып табылады. MAX PETROLEUM PLC қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) АҚ болып табылады. Аталмыш жай акцияларға GB_MXPT қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/gb_mxpt мекен-жайы бойынша 15 наурызда жарияланады. [2013-03-15]