14 наурыз күні Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" (Қазақстан) өзінің 2,9 млрд KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын жылдық 8,5% орналастырды
14.03.13 17:32
/KASE, 14.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" (Алматы) субординацияланған
KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге;
16.07.12 – 16.07.19, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360)
облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
сауда-саттық өтті.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа сатып алушы ретінде "АСЫЛ-
ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) қатысты.
Эмитент сауда-саттықта KZP01Y07D887 6 000 000 000 облигациясын
орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған
облигацияларының жалпы санының 60 %).
Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы"
(жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды.
Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен
(ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді
өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып
табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 4 өтінім берді, солардың
ішінде 1 2 979 000 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер
қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша,
сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 49,7 % құрады. Берілген өтінімдердегі
"таза баға" 96,1569 % (жылдық 8,80 %) бастап 97,5700 % (жылдық 8,50 %)
дейін құбылды және орташа сараланған мәні 97,5458 % (сатып алушы үшін
өтелуіне жылдық 8,5051 %) тең болды.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 98,3 % зейнетақы нарығы
субъектілерінің үлесіне, 1,7 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың
үлесінде болды.
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,5700 %
деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық
8,50 % көлемінде сәйкес келіп, зейнетақы нарығының субъектілерінің
берген екі өтінімін қанағаттандырды, сөйтіп орналастыруға жоспарланған
2 928 000 000 облигацияларды орналастырды. Осы орайда тартылған
сома 2 894 588 266,66 теңгені (биржалық ағымдық курс бойынша
19 187 248,22 АҚШ долларын) құрады.
[2013-03-14]