KASE "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B929 (KZ000A0TZXJ8, PRKRb2) облигацияларын айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

14.03.13 15:10
/KASE 14.03.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2013 жылдың 14 наурызынан бастап "Азық- түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZPC1Y07B929 (KZ000A0TZXJ8, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; PRKRb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге, 14.03.06 – 14.03.13; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын айналымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2013 жылдың 14 наурызынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 0,9963768 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9950085, KASE_BY – 1,6099215. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 0,9963752, KASE_BC үшін – 0,9962533 және KASE_BY үшін – 0,9959397 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. коэффициент. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша "Қазинвестбанк" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY07B733 (KZ2C00000347, KIBNb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы 2012 жылдың 07 желтоқсанында http://www.kase.kz/ru/news/show/1184542 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2013-03-14]