"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ KZPC1Y07B929 (KZ000A0TZXJ8, PRKRb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

14.03.13 11:25
/KASE, 14.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 14 наурыздан бастап "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ (Алматы) KZPC1Y07B929 (KZ000A0TZXJ8, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb2; 1 000 тенге, 15,0 млрд тенге, 14.03.06 – 14.03.13; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "А" санаты бойынша 2006 жылдың 14 наурызынан бастап енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 23 наурызда ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 0,74 және 13,00 % аралығында құбылды. 2012 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 13-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 1,46 %) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 9-шы жайғасымға иеленді (2,57 %). [2013-03-14]