"Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) Басқарма құрамындағы өзгерістер және "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясынан талап арыз алғаны туралы хабарлады

13.03.13 12:39
/KASE, 13.03.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Қоғам), биржаға (KASE ресми хатпен төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата соңы 1. 2013 жылдың 28 ақпанында қоғам Басқармасының құрамына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда 2013 жылдың 01 наурызынан бастап Қоғам басқармасының мүшесі Қанатова Айнаның уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды; 2. Қоғам "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" АҚ тура реттеу тәртібімен ақша төлеу туралы талап арыз алды. цитата соңы [2013-03-13]