12 наурыз күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Қазақстан) өзінің 10,0 млн KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациясын жылдық 7,02% орналастырды

12.03.13 16:45
/KASE, 12.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) өзінің KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санаты, KZENb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15; жылдық 5,00 % жартыжылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2012 жылдың 19 қазанында 30,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған бірінші шығарылымы және биржада листинг процедурасынан өткен бірінші "ішкі" облигациялары болып табылады. Эмитент сауда-саттықта 67 010 001 KZP01Y03E322 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 44,7 %) облигациясын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа нарықтық және шектелімді өтінімдер қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 70 %. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 10 005 000 облигацияны сатып алуға екі өтінім жасады. Өтінімдер қабылдау кезеңінің аяқталу сәтінде олардың барлығы белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 14,9 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 92,9514 % ( жылдық 9,00 %) бастап 95,1739 % (жылдық 7,02 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 95,1002 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 7,0243 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесі - 99,95 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 0,05 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінің үлесі – 0,05 % құрады. Сауда-саттық нәтижесінде эмитент кесімді бағаны 95,1739 % деңгейінде бекітті, бұл сатып алушы үшін облигациялардың өтелуіне кірістілігі жылдық 7,02% деңгейіне сәйкес келеді, эмитент зейнетақы қоры субъектімен берілген бір өтінімді қанағаттандырып, 10 000 000 облигациясын орналастырды. Тарту сомасы 969 239 000,00 теңгені (ағымдағы биржалық бағам бойынша 6 427 740,57 АҚШ долларын) құрады. [2013-03-12]