"Қазақстан Халықтық жинақ банкі" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлады

11.03.13 17:36
/KASE, 11.03.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Қазақстан Халықтық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі мазмұндағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2013 жылдың 05 наурыздағы қаулысымен "Қазақстан халық банкі" АҚ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 бабы 1 тармағына сәйкес, қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бағалы қағаздар субъектісінің уақытында есеп бермеуіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. цитата соңы [2013-03-11]