Бүгін KASE әлеуетті инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығы туралы оқыту семинарын өткізеді

11.03.13 09:52
/KASE, 11.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін алматы уақытмен сағат 15:00-де "Бағалы қағаздар нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8 -қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында KASE мамандары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы кейбір жалпы мәселелермен таныстырады. Сонымен қатар, жаңадан бастаған инвесторлардың әдетте жіберетін қателіктері қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық әлеуетті инвесторлар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2013-03-11]