"Қазақстан халық банкінің еншілес компаниясы" "Халык - Казахинстрах" АҚ A.M. Best Europe – Rating Services Limited компанияның рейтингтік бағалауын растады, "болжам "Тұрақты"

07.03.13 15:37
/KASE, 07.03.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Қазақстан халық банкінің еншілес компаниясы" "Халык - Казахинстрах" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына KASE), 2013 жылдың 07 наурызында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы A.M. Best Europe-Rating Services Limited халықаралық рейтинг агенттігі «Казахинстрах» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингін B++ (Good) деңгейінде және эмитенттік кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады. Екі рейтинг бойынша да болжам тұрлаулы болып табылады. Агенттіктің пікірінше, бұл аталған рейтингтер «Казахинстрах» АҚ-ның капиталдандыру көрсеткішінің жоғарылығын, қазақстандық нарықтағы бәсекелестік айқындамасының мықтылығын және операциялық тиімділік көрсеткіштерінің оң мәнді екендігін дәлелдейді. «A.M. Best Europe» сарапшыларының болжауынша, «Казахинстрах» АҚ- ның капиталдандыру көрсеткіші тәуекелдер бойынша жасалған түзетулер мен капиталға ішкі генерациялау жүргізудің арқасында жоғары деңгейде сақталып қалады. Капиталдандыру деңгейінің жоғары болуына оң әсерін тигізетін тағы бір жағымды фактор компанияның қайта сақтандыру бойынша кредиттік сапасы айтарлықтай жақсы қайта сақтанушыларға бағдарланған неғұрлым өлшемді саясатты ұстануы болып табылады. Мәселен, 2012 жылғы қайта сақтандыруға жіберілген міндеттемелердің 92 %-ы - «А» және одан жоғары рейтингі бар контрагенттер үлесіне тиесілі болып отыр. Айта кету керек, «Казахинстрах» АҚ Қазақстанның сақтандыру нарығындағы көш бастаушылар үштігіне кіреді және бәсекелестік ұстанымы өте жоғары. Компанияның бөлшек бизнеске баса көңіл бөлетін әрі барынша жақсы сараланған бизнес-портфелі бар. «Казахинстрах» АҚ-ның операциялық тиімділігі оң мәнді техникалық көрсеткіштермен және сыйлықақы тарту бойынша жағымды көрсеткіштермен сипатталады және жоғары деңгейде сақталады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша салық салынғанға дейінгі пайда түсімі 2011 жылы қол жеткізілген 2 700 млн. теңге деңгейіндегі көрсеткіштен асады деп күтілуде. Мұндай нәтижені компанияның инвестициялық портфелі табысының айтарлықтай артуымен түсіндіруге болады. Деңгейі инвестициялық рейтингтен төмендеу бағалы қағаздар инвестициясының рейтингі 2012 жылы жалпы портфель көлемінің 34%-ын құрады (салыстру үшін – 2011 жылы 18 % болған). Ішкі және сыртқы қаржылық нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, «Казахинстрах» АҚ-ның халықаралық рейтингтерінің расталуы компания стратегиясының тиімділігін, қаржының сауаттылықпен басқарылып отырғандығын, сондай-ақ «Казахинстрах» АҚ клиенттері мен серіктестері тарапынан сенімнің жоғарылығын білдіреді. «Казахинстрах» АҚ-ның A.M. Best Europe-Rating растап отырған рейтингі үстіміздегі 2013 жылдың ішінде беріліп отырған екінші рейтинг екендігін атап өту керек. Ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі сақтандыру компаниясының сенімділік рейтингін А++ деңгейіне дейін («Сенімділіктің айрықша жоғары деңгейі») арттырды. Бұған дейін компанияның мұндай рейтингі А+ деңгейінде («Сенімділіктің өте жоғары деңгейі») болатын. A.M. Best Europe – Rating Services Limited халықаралық рейтинг агенттігі «A.M. Best Company» еншілес компаниясы. A.M. Best Company 1899 жылы негізі қаланған және дүние жүзі бойынша сақтандыру рейтингтері туралы ақпарат берудің ең көне әрі беделді дереккөзі болып табылады. цитата соңы [2013-03-07]