"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес компаниясы) Global Finance нұсқасы бойынша " Қазақстанның 2013 жылғы үздік инвестициялық банкі" атағын алғаны туралы хабарлады

06.03.13 16:05
/KASE, 06.03.13/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес компаниясы) Алматы) 2013 жылдың 06 наурызында төмендегі мазмұнда баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Global Finance халықаралық басылым сарапшылары жыл сайын өткізген дәстүрлі зерттеу нәтижесі бойынша (http://www.GFmag.com) "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ "Қазақстанның 2013 жылғы үздік инвестициялық банкі" АҚ ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2013") атағы берілді. Қазақстандық компания әлемдегі 2013 жылғы үздік инвестициялық банктердің тізіміне енді, ол туралы Global Finance журналының сәуір айындағы санында жарияланады. Осы номинация бойынша жеңімпазды таңдау кезінде сарапшылар компания қызметінің әртүрлі аспектілерін қарастырды. Алайда, жеңімпазды таңдауда компания жүзеге асыратын жобалардың жоғары әлеуметтік маңыздылығы негізгі роль атқарды. Мысалы, "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясындағы "ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларын қор нарығына шығару мәмілесі еліміз үшін тамаша тәжірибе болды. Соның нәтижесінде 34 мың қазақстандықтар еліміздің ұлттық байлығының толық құқылы иелері болды. Қазақстан экономикасының негізгі тірегі болып табылатын Ұлттық компаниялардың мәмілелерінің де маңыздылығы зор: "Қазақстан темір жолы" АҚ еврооблигациялары мен "Самұрық-Энерго" АҚ локалдық облигациялары. 1987 жылдан бастап шығарылған Global Finance журналы корпоративтік қаржы саласында жетекші басылымдардың бірі болып табылады және әлемдегі 160 елде 200 мың жазылушылар арасында таратылады. цитата соңы [2013-03-06]