"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің құрамынан бейінсіз активтердің шығарыла бастауы туралы хабарлады

06.03.13 16:58
/KASE, 06.03.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана), биржаға (KASE), 2013 жылдың 05 наурызында келесі мазмұндағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" Ақ тапсырмасына сәйкес "Казатомпром" ҰАК" АҚ өзінің құрамындағы топтан барлық бейінсіз активтерді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды шығару туралы тапсырманы іске асыруға кірісті. Компанияның тікелей қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ кәсіпорындар, олардың мүліктерін сату немесе бәсекелестік ортаға, сондай-ақ аудандық жергілікті атқарушы органдарға және Шығыс қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және қызылорда облыстарының атқарушы органдарына өтемсіз өткізіп беруді жоспарлап отыр. Қайта құру бағдарламасы өндірістік көрсеткіштерді батыс компаниялардың стандарттарына жақындатуға бағытталған. Тапсырмаға сәйкес "Самұрық- Қазына" ӘАҚ тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта бейінсіз активтер жүзеге асырып отырған бейіндік қызметті жүзеге асыруға қажетті компанияның қызметі нарықтан тартылуы мүмкін. Бейінсіз активтерді шығаруды аяқтау 2013 жылы жоспарланып отыр. "Казатомпром" ҰАК АҚ Жұртшылықпен байланыс басқармасы Кристина Подшивалова, Конақбай Саттаров +7 (7172) 55-13-05 pr@kazatomprom.kz цитата соңы [2013-03-06]