06 наурыз күні биржада өткен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

06.03.13 15:19
/KASE, 06.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелгенжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттықта эмитент өзінің KZ2CKY23B672 2 690 000 облигациясын (осы шығарылымның жалпы санынан 9,1 %) кері сатып алуды жоспарлады. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 9 149 450 облигацияны сатуға 3 өтінім берді. Екі өтінім де аяқталу кезінде өтінімі белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 3,4 есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 86,1600 % ( жылдық 6,93 %) бастап 100,00 % (жылдық 5,45 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 90,3897 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 6,12 %) құрады. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі зейнетақы нарығының үлесіне келді. Берілген өтінімдердің бос ведомостын көрген соң, ұсынылған бағалары күтілетін бағадан жоғары болғандықтан, эмитент оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. [2013-03-06]