/ҚАЙТАЛАУ/ "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигацияларын орналастыруын жалғастырғаны туралы хабарлады

06.03.13 11:41
/KASE, 06.03.13 - 08.02.13 жаңалықты қайталау/ – "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1) облигацияларының қаржылық кеңесшісі және шығарылым андеррайтері болып табылатын, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2013 жылдың 11 ақпаны күні Алматы уақытымен 11.30-дан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) НИН KZ2C0Y03E334; ISIN KZ2C00001873 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1) купондық облигацияларының орналастыру жалғастырылды. Аталмыш облигациялардың несиелік рейтингілері – Fitch Ratings: BBB (30.11.12), Эксперт РА Казахстан: A++ (01.11.12). Орналастырудың жарияланған көлемі облигациялардың 500 000 данасын (осы шығарылымның жарияланған жалпы санынан 16,7 %), орналастырудағы өтелуіне кірістілігі – 6,00 % құрайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты" бойынша (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15, жылдық 6,00 % жарты жылдық купон, 30/360) 20123 жылдың 12 қарашасынан бастап енгізілген. Осы облигациялдар бойынша биржадағы маркет-мейкері міндеттерін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) атқарады, минималды баға белгілеу көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілдһген. Аталмыш облигациялар туралы толығырақ ақпаратпен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/SNRG мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-03-06]