Қазақстан қор биржасында 05 наурыз күні болып өткен "СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп жарияланды

05.03.13 19:24
/KASE, 05.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "СевКазЭнерго" АҚ (Алматы) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1; 100 тенге, 8,0 млрд тенге, 10.01.10 – 10.01.20, жарты жылдық купон, жылдық 12,50 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Эмитент сауда-саттықта 13 000 000 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 37,5 %) KZ2C0Y10D695 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:30- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 3 017 000 облигацияны сатып алуға 6 өтінім берді. Өтінімдерді беру аяқталу кезінде 5 өтінімдер белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 23,2 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 104,6149 % (жылдық 11,5000 %) бастап 107,0506 % (жылдық 11,0000 % ) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 109,1898 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 10,5731 %) құрады. Белсенді өтінімдердің көлемі брокерлік-дилерлік компания үлесіне – 24,9 %, брокерлік-дилерлік клиенттердің үлесіне – 75,1 % келді. Берілген өтінімдердің жиынтық ведомостын көрген соң, эмитент оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. [2013-03-05]