2013 жылдың қаңтар-ақпанында биржадағы МБҚ сауда-саттығының көлемі 16,7 %-ға өсіп, 155,9 млрд теңгені ($1,0 млрд) құрады
05.03.13 17:38
/KASE, 05.03.13/ – 2013 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан қор
биржасындағы (KASE)* мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда-
саттығының көлемі 155,9 млрд теңгені (баламасы 1,0 млрд АҚШ
долларына тең) құрады және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
16,7 % -ға (долларлық көрсетілімде 14,8 %-ға) өсті.
2012 жылдық соңғы екі айымен (қараша-желтоқсан) салыстырғанда сауда-
саттық көлемі 41,3 % (41,4 % долларлық көрсетілімде) төмендеді.
Төмендегі кестеде 2013 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы
сауда-саттық көлемі көрсетілген, сондай-ақ өткен жылдың сол айындағы
салыстырмалы мәліметтері берілген.
-----------------------------------------------------------------
Бастапқы нарық Қайталама нарық* Барлығы*
---------------- ---------------- ----------------
Жылы, -------- ------- -------- ------- -------- -------
айы млрд KZT млн USD млрд KZT млн USD айы млрд KZT млн USD
---------- -------- ------- -------- ------- --- -------- -------
2013, I 55,8 369,9 20,0 133,0 75,8 502,9
2013, II 56,4 374,7 23,7 157,4 80,1 532,1
---------- -------- ------- -------- ------- --- -------- -------
Итого 112,1 744,6 43,7 290,4 155,9 1 035,0
---------- -------- ------- -------- ------- --- -------- -------
2012, I–II 119,2 804,6 14,4 97,1 133,6 901,6
тренд, % -5,9 -7,5 +203,9 +199,3 +16,7 +14,8
-----------------------------------------------------------------
* репо операцияларындағы мәмілелерді қоспағанда.
[2013-03-05]