АНОНС: 2013 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында маңызды шара өткізілмекші

05.03.13 16:37
/Cbonds АА, KASE тақырыптамасы, 05.03.13/ – 2013 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында "Royal Tulip Almaty" қонақ үйінде жыл сайынғы конференция "Қазақстандық VIII -ші қаржы форумы" конференциясы өтеді. Онда атақты және табысты қаржы секторының өкілдері, мемлекеттік құрылымдар мен реттеуші органдардың өкілдері қатысады. Форум макроэкономикалық жағдай және оның Қазақстан экономикасына әсері туралы қысқаша шолудан басталады. Одан әрі пікірталастар өтеді және қаржы нарығының әртүрлі салаларына арналған үш тақырыптық секция жұмыс істейді. Форумның негізгі секциясы "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы" атты дөңгелек стол, онда қаржы нарығын реттеушілер мен негізгі ойыншылар арасында пікірсайыстар өтеді. Қаржы нарығының тиімділігі, жаңа инвесторлардың пайда болу мүмкіндіктері, халықтық ІРО бағдарламасының алғашқы нәтижелері, зейнетақы жүйесіндегі жағдайлар, және басқа да Қазақстан экономикасының дамуындағы маңызды мәселелер талқыланады.Пікірсайысқа ҚР Ұлттық банкінің өкілдері, Евразия экономикалық комиссиясы, Самұрық - Қазына ҰӘҚ, Halyk Finance, KASE, Казкоммерц Секьюритиз қатысады. "ҚР Институционалдық инвесторлары" секциясында сарапшылар пай инвестициялық қорларының, сақтандыру нарығы және зейнетақы жйесіндегі ағымдық жағдайлар туралы өздерінің пікірлерін білдіреді. "Қарыздық қаржыландыру нарығы" блогында спикерлер теңгеге және еврооблигацияларға номинацияланған облигациялармен жұмыс тәжірибесін талқылауды ұсынады. Эмитенттердің бірін ірі көлемде орналастыру кейс- стади түрінде ұсынылады. Ірі рейтингтік агенттіктердің бірі жергілікті қарыз нарығының жағдайы туралы өзінің пайымымен бөліседі. "Инвестициялық капитал нарығы" секциясында Халықтық ІРО тақырыбы бойынша екі тақырып қозғалады: орналастыру сәтіндегі бағдарламаға қатысу тәжірибесі және КазТрансОйл акциясы динамикасы туралы актуалды мәліметтер. Қазақстан және лондон биржаларында акцияларды орналастыру тәжірибесімен эмитенттер бөліседі. Сондай ақ брокерлік нарықтағы бәсекелестік тақырыбы да қаралмақ. Форумның маңызды бөлігі болып табылатын инвесторлар мен эмитенттер үшін жаңа идеяларды Варшава қор биржасы өкілдері өзінің секциясы аясында көрсетеді. Конференция аясында әдеттегідей дәстүр бойынша Қазақстанның қаржы нарығының лидерлерін 2012 жылы жеткен жетістіктері үшін Investfunds AWARDS және Cbonds AWARDS премияларымен марапаттау рәсімі өтеді. Бағдарламаны http://cbonds-congress.com/events/141/agenda/ сайтынан табуға болады. Қазақстан қаржы форумы – Қазақстанның қаржы нарығының дамуының ағымдағы жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасу, тәжірибе алмасуда бірегей алаң болып табылады. Форум бағдарламасында әрбір қатысушы өзіне қажетті бағытта қызықты нәрселерді тауып, бұрынғы серіктестерімен кездесіп, іскерлік байланыстарды күшейтуге жағдай жасалған. Қолдау көрсетуші: Қазақстан қор биржасы KASE; Бас демеушісі: Halyk Finance; Ресми серіктесі: Варшава қор биржасы WSE; Демеушісі: Freedom Finance инвестициялық компаниясына АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ. КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТЫ: Қазақстандық қатысушылар үшін 350 АҚШ доллары (салықсыз) Басқа мемлекеттердің қатысушылары үшін 600 АҚШ доллары (салықсыз). Назар аударыңыздар! Қазақстан қор биржасы KASE конференцияға шақыру алған қатысушыларға 10 % дейін жеңілдік бар (тіркеу кезінде "KASE шақыруы бойынша" деп көрсетіңіз). Конференцияға қатысу үшін мына сілтеме бойынша http://www.cbonds-congress.com/events/141/registration тіркелу қажет. БАЙЛАНЫС: Бағдарлама, демеушілік – Екатерина Гриценко kate@cbonds.info, +7 812 336 9721 *223 Қатысушыларды тіркеу – Елена Мокрицкая elena@cbonds.info, +7 812 336 97 21 *104 [2013-03-05]