Бүгін биржада "СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENB1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

05.03.13 09:57
/KASE, 05.03.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы KASE сауда-саттық жүйесінде "СевКазЭнерго" АҚ (Пертопавловск) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1; 100 теңге, 8,0 млрд теңге; 10.01.10 – 10.01.20, жылдық 12,50 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZ2C0Y10D695 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 16,3 %) 13 000 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:30-ға дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – SKENb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лоттар санына тең болуы тиіс. Лот көлемі - 1 000 облигацияны құрайды. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген лоттар санының теңгемен көрсетілген бағалы қағаздардың жиынтық номиналды құны көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/SKEN/skenf9b1_2009.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-03-05]