/KASE, 04.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен
2013 жылдың 05 наурызынан бастап KASE қайталама нарық секторында
1Матен Петролеум" АҚ (Алматы) KZ1C58290012 (KZ1C00000868, KASE
ресми тізімі, үшінші санат, MATN) жай акциялары бойынша сауда-саттық
ашылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің
дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі
екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді.
Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша
2012 жылдың 06 желтоқсанынан бастап енгізілген.
Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/matn мекен-жайы бойынша жарияланған.
[2013-03-04]