АНОНС: 11 наурызда KASE әлеуетті инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығы туралы оқыту семинарын өткізеді
04.03.13 11:41
/KASE, 04.03.13 - 25.02.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2013 жылдың 11 наурызда алматы уақытмен сағат 15:00-де "бағалы
қағаздар нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы,
Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8 -қабат,
KASE конференц-залы.
Семинар аясында KASE мамандары ұйымдастырылған бағалы қағаздар
нарығындағы кейбір жалпы мәселелермен таныстырады. Сонымен қатар,
жаңадан бастаған инвесторлардың әдетте жіберетін қателіктері
қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп
көрсетіледі.
Семинарға қатысуға барлық әлеуетті инвесторлар шақырылады.
Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні,
байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты
project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады.
Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі.
[2013-03-04]