Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 01 наурыз күні жинақтаушы зейнетақы қорларынан Қазақстан қор биржасында Қаржы Министрлігі шығарған, сомасы 1,1 млрд теңге, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін сатып алды

01.03.13 16:05
/KASE, 01.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 28- ақпанында - 01 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Сатып алушы) жинақтаушы зейнетақы қорларынан Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін (МЕКАМ) сатып алуы бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілді деп хабарлайды. Сатуып алушының жоспарланған сатып алу сомасы 10 млрд теңгені құраған. Сауда-саттыққа KASE бр мүшесі қатысты, олардың берген 1 өтінімінен, 1 000 000 бағалы қағазды сатуға барлық өтінімдер белсенді болып қалды. Ұсынымның жалпы сомасы жоспарланғаннан 22,2 % есе артты. Өтінім параметрлері: Бағалы қағаздардың сауда коды: MUM096_0004; –"таза" баға: 106,5492 %; –табыстылығы: жылдық 5,3620 %; –теңге түріндегі көлемі: 1 111 444 777,78. Осы арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша сатып алушы аталған өтінімді толық көлемде қанағаттандырды. Мәмілелердің жалпы сомасы 1 111 444 777,78 теңгені (ағымдағы биржалық бағам бойынша АҚШ долларымен баламасы 7 382 072,12 АҚШ доллары) құрады. [2013-03-01]