АНОНС: 26 наурызда KASE фьючерс нарығы туралы оқыту семинарын өткізеді

01.03.13, 15:26
/KASE, 01.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 26 наурызда алматы уақытмен сағат 15:00-де "бағалы қағаздар нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8 -қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында KASE тыңдаушыларды биржадағы еркін қаржы құралдарымен, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеудегі түрлі инвестициялық стратегиялармен таныстырады. Сонымен қатар, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде фьючерспен жұмыс істеудің тәжірибелік мысалдары көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2013-03-01]