07 наурыздан бастап KASE қайталама секторында "ЛОГИКОМ" АҚ (Қазақстан) KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) жай акцияларымен сауда-саттық ашылады

01.03.13 10:47
/KASE, 01.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2013 жылдың 07 наурызынан бастап KASE қайталама нарық секторында "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ1C48640011, KZ1C00000892, KASE ресми тізімі, үшінші санат, LOGC) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2012 жылдың 11 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/log мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-03-01]