"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан KZ1C40310019 (KZ000A0F4546, ASBN) жай және KZ1P40310115 (KZ000A0F5FZ0, ASBNp1) артықшылықты акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

28.02.13 19:20
/KASE, 28.02.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 28 ақпандағы шешімімен "Альянс Банк" АҚ KZ1C40310019 (ISIN – KZ000A0F4546) жай және KZ1P40310115 (ISIN – KZ000A0F5FZ0) артықшылықты акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2010 жылдың 19 наурыздағы куәлігіне сәйкес "Альянс Банк" АҚ жарияланған акцияларын шығару 20 000 000 жай акцияға бөлініп, KZ1P40310115 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым А4013 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді. "Альянс Банк" АҚ акцияларын ұстаушылардың тізбесі жүйесінің үзінді көшірмесіне сәйкес 2013 жылдың 01 қаңтарында 13 637 563 жай және 2 619 626 артықшылықты акциялар орналастырылды. Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) ASBN және ASBNp1. "Альянс Банк" АҚ жай акциялары KASE ресми тізімінің "А" санаты бойынша 2003 жылдың 11 мамырында, артықшылықты акциялары 2005 жылдың 11 мамырында енгізілгенін биржа ескертеді. 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жай және артықшылықты акциялар бірінші санатқа ауыстырылды, 2009 жылыдң 03 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. Аталмыш акциялар KASE ресми тізімінен 2009 жылдың 02 қарашасында "Альянс Банк" АҚ жеке капиталының листинг талаптарына талаптарына сәйкес келмегендіктен ресми тізімнен шығарылды. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-02-28]