01 наурыздан бастап "Capital Hotels" АҚ (Қазақстан) акции KZ1С53690018 (KZ1C00000629, CAHO) артықшылықты акциялары екінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды

28.02.13 18:14
/KASE, 28.02.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2013 жылдың 01 наурызынан бастап "Capital Hotels" АҚ (Алматы) KZ1С53690018 (KZ1C00000629, CAHO) артықшылықты акциялары екінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. "RG Brands" АҚ 2013 жылдың 23 қаңтардағы KASE тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне кіргізілетін немесе кіргізілген бағалы қағаздардың эмитенттеріне, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйрығының Қосымшасы талаптарын және екінші санаттағы акциялардың маркет- мейкері болмағандықтан листинг талаптарына сәйкессіздігі анықталды. 2012 жылдың 21 желтоқсандағы жағдай бойынша аталмыш акцияларда маркет- мейкер жоқ, ол аталған Қосымшаның 5 тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейді. Жоғарыда баяндалған жайлар негізінде және Листингілік комиссияның KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 16 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар маркет-мейкер болуын талап етпейтін KASE ресми тізімінің екінші санатынан үшінші санатына ауыстырылды. Аталған акциялар KASE ресми тізімінің екінші санатына 2011 жылдың 06 маусымынан бастап ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 22 мамырынан бастап ашылды. [2013-02-28]