KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен корольдігі) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

28.02.13 17:06
/KASE, 28.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақмыс Тобы жаңа Қаржылық бас директордың тағайындалғандығы туралы хабарлайды. 2013 жылдың 17 мамырында өтетін акционерлердің жалпы жиналысынан кейін Қазақмыс Тобының Қаржылық бас директоры қызметін Эндрю Саузам атқаратын болады. Саузам мырза бұл лауазымда 6 жыл бойы еңбек етіп келген Мэтью Хердтың орнын басады. Мэтью мырза өз міндеттерін толық тапсырып болғанша, яғни жыл соңына дейін Топтағы жұмысын жалғастырады. Басқарушы бас директор Олег Новачук өз сөзінде былай деді: «Мен соңғы сегіз жылдағы ерен еңбегі үшін Мэтью Хердке алғыс айтамын. Мэтью Херд Қазақмысқа листинг рәсіміне дейін келіп, мықты қаржылық қызметті қалыптастыру ісіне атсалысқан болатын. Бұл компаниямызға әлемдік нарықтардың есептілікке қоятын барлық талаптарын толық қадағалауға, сондай-ақ, даму жобаларымызды жүзеге асыру үшін қажетті несиелік желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік берді». «Қазақмыста жұмыс істеген кезім маған өте ұнады. Листинг өткізіп, қаржы қызметін құру ісі Ұлыбританияда да, Қазақстанда да күрделі шаруа. Дегенмен біз бұл мәселені сәтті шештік. Біз соңғы үш жыл ішінде ірі даму жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін сенімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыруды ұйымдастырдық», - деп мәлімдеді Қаржылық директор Мэтью Херд. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213_2_k.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213_2.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-02-28]