KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен корольдігі) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

28.02.13 17:01
/KASE, 28.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақмыс Тобы қазір Топтың Атқарушы емес директоры болып табылатын Саймон Хилдың Қазақмыс ПЛС Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметіне үміткер ретінде бекітілгендігі туралы хабарлайды. Бұл шешім 2013 жылдың 17 мамырында өтетін акционерлердің жалпы жиналысында мақұлданғанға дейін Директорлар Кеңесінің Төрағасы міндетін Владимир Сергеевич Ким атқара береді. Владимир Ким 2012 жылдың мамыр айында алдағы 12 ай ішінде Қазақмыс ПЛС компаниясының Директролар кеңесі Төрағасы қызметінен кететіндігі туралы айтқан болатын. Осыдан соң кандидатураларды ұсыну жөніндегі Комитет Атқарушы емес Аға Тәуелсіз Директор Филип Айкеннің басшылық етуімен қызметкерлерді таңдау жөніндегі сыртқы кеңесшінің қолдауымен үміткерлерді іріктеуге кіріскен болатын. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213_k.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-02-28]