KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен корольдігі) 2012 жылға жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

28.02.13 16:50
/KASE, 28.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақмыс Тобы 2012 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелері мен аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялап отыр. Бұл есепке акциялар пакетінің 26 пайызын Қазақмыс иеленіп отырған ENRC PLC компаниясынан келетін түсімдер қосылмаған. ENRC PLC үлесі қоса есептелген жиынтық есеп 2013 жылдың 26 наурызында жарияланатын болады. Қазақмыс Тобының есепті кезеңдегі сегменттік EBITDA көрсеткіші 1,36 млрд.АҚШ долларын құрады. 2012 жылы табыстың кемуіне мыс бағамының 10 пайызға төмендегені, өткізу көлемдерінің кемуі мен компанияның өндіруге, еңбекақы төлеуге жұмсаған шығыстарының және көлік шығындарының артуы себепкер болды. Мыс өндірісінің таза өзіндік құны фунтына 174 АҚШ центы деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келіп отыр. Директорлар кеңесі акциясына 8 центтен келетін қорытынды дивиденд төлеуді ұсынып отыр, бұл жалпы алғанда 42 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Дивиденд мөлшерінің қысқаруы табыстылық көрсеткішінің төмендегенін және ауқымды капитал салу кезеңіне аяқ басқандықты білдіреді. Бұл шешім компанияның дивидендтер төлеудегі икемді саясатына сәйкес келеді. Қазақмыс Тобының тұрақты қаржылық жағдайы өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобаларға 4,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде ұзақмерзімді қаржыландыру қамтамасыз етілген. Экспорталды қаржыландыру жөніндегі несиелік желі жаңартылып, 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213_k.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280213.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-02-28]