KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдігі) Қоңырат руднигінде әкімшілік-тұрмыстық комбинат пен техникалық қызмет көрсету стансасы ашылғаны туралы хабарлады

27.02.13 17:36
/KASE, 27.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 27 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Балқаш қаласында 540 орынға есептелген жаңартылған әкімшілік тұрмыстық кешені ғимаратының және де тау-кен техникасын профилактикалық тұрғыдан байқап, жедел қызмет көрсетуге арналған ПИТ СТОП №2 - бекетінің ғимаратының салтанатты түрде ашылуы болды. Қазақмыс Тобының орта және шағын жобаларын дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның аясында 2012 жылдың тамыз айында басталған нысандарды капиталдық жөндеу және қайта құру жұмыстарына жалпы алғанда 272 млн теңге бөлінген. 2012 жылы Қазақмыс Тобы, өз қызметін 2008 жылы тоқтатқан еліміздің ең көне мыс кеніштерінің бірі саналатын «Қоңырат» кенішіндегі тау-кен жұмыстарын қайта жандандырды. Аталмыш кен орны шамамен 9 жылдай пайдаланылады деп пайымдалып отыр. Кен көлемі 99 млн тоннадан аспақ, ал өндіріліп шығарылатын кен 57 млн тонна шамасында болмақ. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында төмендегі мекен-жайлардан танысуға болады: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_270213_kz.pdf –; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_270213.pdf. [2013-02-27]