25 ақпан күні Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" (Қазақстан) өзінің 1,0 млрд KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын жылдық 8,5% орналастырды

25.02.13 17:48
/KASE, 25.02.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" (Алматы) субординацияланған KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа сатып алушы ретінде "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) қатысты. Эмитент сауда-саттықта KZP01Y07D887 6 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 60 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 6 өтінім берді, солардың ішінде 1 089 000 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 18,2 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 92,9192 % (жылдық 9,5000 %) бастап 97,5588 % (жылдық 8,5000 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 97,3413 % (сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 8,5456 %) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 91,8 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 8,2 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,5588 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 8,50 % көлемінде сәйкес келіп, зейнетақы нарығының субъектілерінің берген екі өтінімін қанағаттандырды, сөйтіп орналастыруға жоспарланған 1 000 000 000 облигацияларды орналастырды. Осы орайда тартылған сома 984 254 666,67 теңгені құрады. [2013-02-25]