АНОНС: 11 наурызда KASE әлеуетті инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығы туралы оқыту семинарын өткізеді

25.02.13, 17:21
/KASE, 25.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 11 наурызда алматы уақытмен сағат 15:00-де "бағалы қағаздар нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8 -қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында KASE мамандары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы кейбір жалпы мәселелермен таныстырады. Сонымен қатар, жаңадан бастаған инвесторлардың әдетте жіберетін қателіктері қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық әлеуетті инвесторлар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2013-02-25]