АНОНС: 11 наурызда KASE әлеуетті инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығы туралы оқыту семинарын өткізеді
25.02.13 17:21
/KASE, 25.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың
11 наурызда алматы уақытмен сағат 15:00-де "бағалы қағаздар нарығы"
атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280,
"Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8 -қабат, KASE конференц-залы.
Семинар аясында KASE мамандары ұйымдастырылған бағалы қағаздар
нарығындағы кейбір жалпы мәселелермен таныстырады. Сонымен қатар,
жаңадан бастаған инвесторлардың әдетте жіберетін қателіктері
қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп
көрсетіледі.
Семинарға қатысуға барлық әлеуетті инвесторлар шақырылады.
Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні,
байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты
project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады.
Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі.
[2013-02-25]