«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің мүшелері «Самұрық-Қазына» АҚ 2013-2022 жылдарға арналған кадрлық саясатын бекітті

25.02.13 12:46
/KASE, 25.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2013 жылдың 22 ақпанында ұсынған баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2013 жылғы 22 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда «Самұрық-Қазына» АҚ 2013-2022 жылдарға арналған Кадрлық саясаты бекітілді. Саясат Қордың адам ресурстарын басқару қызметіндегі басты құндылықтар мен қағидаттарды, Қордың осы бағыттағы негізгі жұмыс бағыттарын айқындайды. Директорлар Кеңесінің отырысы»Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Инвестициялық саясатын бекіту туралы да шешім қабылданды. Мәжілісте екінші эшелондағы компаниялардың, соның ішінде «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру жайы да талқыланды. Сонымен қоса, «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2012 жылғы қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Мәжілісте Қор қызметінің өзге де мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жұршылықпен байланыс департаменті "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ +7 (7172) 55-41-14, 55-40-11 цитата соңы [2013-02-25]