Бүгін Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank" АҚ (Азия Кредит Банк) (Қазақстан) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі

25.02.13 10:50
/KASE, 25.02.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің сауда-саттық жүйесінде "AsiaCredit Bank" АҚ (Азия Кредит Банк) (Алматы) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы- мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "AsiaCredit Bank" АҚ (Азия Кредит Банк), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2010 жылдың 11 қазанында, 30,0 млрд теңге сомасына тіркеген бірінші облигациялар бағдарламасының, биржада листинг процедурасынан өткен, осы эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушысы ретінде "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y07D887 облигациясының 6 000 000 000 данасын (жарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 60 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – LARIb2. Эмитент кесімді бағаны сауда- саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен көрсетілген саны көрсетілуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" (жинақталған сыйақысымен қосып) бағасына көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/LARI/larif9b2_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-02-25]