22 ақпан күні Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" (Қазақстан) өзінің 2,0 млрд KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, TSBNb9) облигациясын жылдық 8,0% орналастырды

22.02.13 18:12
/KASE, 22.02.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Алматы) субординацияланған KZP03Y03C363 (KZ2С00001584, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb9; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 12.07.11 – 12.07.14; жылдық 6,00 %жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2006 жылдың 13 желтоқсанында 20,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында үшінші және эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының тоғызыншы шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта KZP03Y03С363 1 988 010 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 33,1 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар үш өтінім берді, солардың ішінде 3 501 000 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 176,1 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 97,3509 % (жылдық 8, 05 %) бастап 97,4093 % (жылдық 8,00 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 96,1523 % (сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 8,02 %) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,97 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,03 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,4093 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 8,00 % көлемінде сәйкес келіп, зейнетақы нарығының субъектілерінің берген екі өтінімін қанағаттандырды, сөйтіп орналастыруға жоспарланған 2 005 000 000 облигацияларды орналастырды. Осы орайда тартылған сома 1 949 760 024,93 теңгені құрады. [2013-02-22]