Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 22 ақпан күні жинақтаушы зейнетақы қорларынан Қазақстан қор биржасында Қаржы Министрлігі шығарған, сомасы 1,9 млрд теңге, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін сатып алды
22.02.13 17:33
/KASE, 22.02.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 21-
22 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Сатып алушы) жинақтаушы зейнетақы
қорларынан Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелерін (МЕКАМ) сатып алуы бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілді деп хабарлайды.
Сатуып алушының жоспарланған сатып алу сомасы 10 млрд теңгені
құраған.
Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олардың берген 6 өтінімінен,
өтінімдер беру кезеңі аяқталар сәтте, 1 641 593 бағалы қағазды сатуға
барлық өтінімдер белсенді болып қалды. Ұсынымның жалпы сомасы
жоспарланғаннан 19, есе артты.
Ұсыным параметрлері (тек белсенді өтінімдер бойынша):
------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық "таза" Кірістілігі өтін. өтінімдер көлемі
----------------
коды орт.сар. баға, % орт.сар., жылдық % саны мың дн. млн тг
------------ ---------------- ------------------- ----- -------- -------
MOM060_0037 110,2028 -0,0426 1 6 шт. <0,1
MUM096_0004 106,4972 5,3832 1 9 шт. <0,1
MUM120_0001 102,0494 4,7997 1 1 шт. <0,1
MUM132_0002 96,7034 6,4686 1 1,6 1,6
MUM180_0001 109,5498 6,8013 2 1640,0 1896,4
------------ ---------------- ------------------- ----- -------- -------
------------------------------------------------------------------------
Осы арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша
Сатып алушы 1 641 587 облигацияны сатуға бес өтінімді
қанағаттандырды. Мәмілелердің жалпы сомасы 1 897 947 431,28 теңгені
(ағымдағы биржалық бағам бойынша АҚШ долларымен баламасы
12 633 611,34 АҚШ доллары) құрады.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аясындағы жасалған мәмілелер
параметрлері:
------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық "таза" Кірістілігі өтін. өтінімдер көлемі
----------------
коды орт.сар. баға, % орт.сар., жылдық % саны мың дн. млн тг
------------ ---------------- ------------------- ----- -------- -------
MUM096_0004 106,4972 5,3832 1 9 шт. <0,1
MUM120_0001 102,0494 4,7997 1 1 шт. <0,1
MUM132_0002 96,7034 6,4686 1 1,6 1,6
MUM180_0001 109,5498 6,8013 1 140,0 161,9
MUM180_0001 109,5498 6,8013 1 1500,0 1734,5
------------------------------------------------------------------------
[2013-02-22]