"Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ "Euromoney" журналынан "Капиталды басқару қызметі" санаты бойынша сыйлыққа ие болғаны туралы хабарлады

22.02.13 15:48
/KASE, 22.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 22 ақпанында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Euromoney" беделді халықаралық басылымы Қазақстан халық банкіне жыл сайын өтетін "Капиталды басқару шарттары" санатында ("Net-worth-specific services") Қазақстан бойынша "2013 жылға зерттеулер: Жеке банктік қызмет көрсету (Private Banking) және басқару ("Private Banking and Wealth Management Survey for 2013" сыйлық тапсырғаны туралы хабарладыды. Бұл санаттағы жеңімпаз қазақстандық банк секторының қаржылық компанияларының сұраулары бойынша анықталды. Конкурста басқару, клиенттермен қарым-қатынас, қызмет түрлерін кеңінен ұсыну, ірі жеке банктерді дамыту перспективалары сияқты факторлар да ескеріледі. Бұл конкурс атауы Euromoney өткізетін конкурстар/шолулардың ресми тізімінде www.euromoney.com/pollsandawards вебсайтында жарияланған. "Қазақстан халық банкі" АҚ Баспасөз хабарламасы тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы [2013-02-22]