"KEGOC" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылға арналған жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

22.02.13 15:08
/KASE, 22.02.13/ – "KEGOC" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 20 ақпандағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "KEGOC" АҚ Басқармасы төрағасы Бақытжан Қажиев атқарушы дирекцияның ( бас офис) жиналысында 2012 жылдың жұмыс қорытындысы туралы хабарлады. Негізгі операциялық көрсеткіштер ( 2011 жылмен салыстырғанда): - электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету көлемі 6,0%-ға өсіп, 43,5 млрд. кВт сағатқа жетті; - техникалық диспетчерлеу қызметінің көлемі 3,3%-дан 83,5 млрд. кВт сағатқа дейін өсті; - электр энергиясын тұтыну өндірушісін теңестіруді ұйымдастыру бойынша 153 млрд. кВт сағатқа, яғни 4,8%-ға өсті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысы 7,2 млрд. теңгені құрады. Үдемелі индустриялық -инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енгізлген инвестициялық жобалар бойынша 2012 жылы капиталдық салымдардың деңгейі 24,5 млрд.теңгеге жетті. 2012 жылдың қараша айында жоспарланған мерзімімен бұрын компания 500 кВ "Алма" қосалқы стансасының құрылысын аяқтап, іске қосты. "Мойнақ ГЭС-і қуаты" іске қосылды, ВЛ 220 кВ "ОРУ 220кВ Мойнақ ГЭС-і – ПС 220кВ Робот" толық іске қосылды. " НЭС Жаңарту, II кезең", ВЛ 220 кВ "ЦГПП-Осакаровка қайта құрылымдау" жобасы іске қосылды. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1185813 мекен-жайынан танысуға болады. цитата соңы [2013-02-22]