EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC Компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдігі) 2012 жылдың төртінші тоқсанына өз қызметінің өндірістік нәтижелерін хабарлады

21.02.13 17:34
/KASE, 21.02.13/ – Жай Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон) қазақстан қор биржасына (KASE), 2013 жылдың 06 ақпанында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Өндірістік есеп берудегі ақпарат 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған үш айға қатысты болады, және 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған салыстырмалы кезеңмен бірге жүргізіледі. 2012 жылдың үшінші тоқсаны бойынша өндіріс көлемі және толық 2012 және 2011 жылдар қосымша ақпарат ретінде жүргізіледі. Есептік кезеңде ферроқорытпалар мен темір рудалары бөлімшелері толық өндірістік қуатта жұмыс істеді. Энергетика бөлімшесі электр энергиясы мен көмір, коксты толық қуатпен шығарды. Сазбалшық және алюминий бөлімшелері техникалық ақауларға байланысты толық өндірістік қуат деңгейінен сәл төмен жұмыс істеді, ол мәселелер қазір жойылды. Басқа да түсті металл бөлімшесінде металдағы товарлық мыс өндіру көлемі сәйкес кезеңмен салыстырғанда электрмен жабдықтауда үнемі кедергілердің болуы мен Camrose тарапынан концентратты жеткізудің кешігуі себебінен болды. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_060213_ru.pdf мекен- жайынан табуға болады. [2013-02-21]