SUNKAR RESOURCES PLC Компаниясы GB00B29KHR09 (GB_SKRS) жай акцияларын шығару және оларды орналастыру туралы және он және одан да көп дауыс беруші акцияларына ие акционерлер құрамының өзгеруі туралы хабарлады
21.02.13 17:38
/KASE, 21.02.13/ – Қазақстан қор биржасына "JAZZ CAPITAL" Брокерлік
үйі" АҚ GB00B29KHR09 (KASE ресми тізімі, үшінші санат, GB_SKRS)
SUNKAR RESOURCES PLC (Лондон, Біріккен корольдігі) жай акцияларын
шығарудың бастамашысы болып табылатын (Алматы) SUNKAR
RESOURCES PLC 2013 жылдың 21 ақпанында баспасөз хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
Sunkar Resources Plc Компаниясы ("Компания") компанияның бағалы
қағаздарды шығаруы және орналастыруы туралы хабарлайды.
Компанияның Ұлыбритания аумағында шығарылған 174 476 283, ISIN
GB00B29KHR09 жай акциялары, шығарылған елде мемлекеттік тіркеуге
жатпайды.
Орналастырылған бағалы қағаздарды шығару және орналастыру туралы
шешімді компанияның уәкілетті өкілдері 2012 жылдың 08 ақпанында
қабылдады.
Бағалы қағаздардың жаңа шығарылымының 34 895 257 акциялар санының
20% 2013 жылдың 13 ақпанында Қазақстан қор биржасында сауда-саттық
өткізу арқылы орналастыруды ұсынды. Қарама-қайшы өтінімдер
болмағандықтан, арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілген жоқ
деп жарияланды. Осыған орай. Барлық бағалы қағаздардың көлемі
ұлыбритания аумағында 2013 жылдың 19 ақпанында шығарылып, Sun
Avenue and Partners Corp. ("SAPC") конвертацияланған ноталарды өтеу
есебіне орналастырылған.
Акциялар бойынша дивиденттер төленген жоқ.
Компанияның жай акциялары ҚР ҰБ ҚҚБ шет ел мемлекетінің аумағында
бағалы қағаздарды шығару және орналастыруға 22.01.2013ж.
№ 668/116/380 рұқсаты негізінде шығарылған. Негізгі шығарылым
параметрлері: саны - 174 476 283 дана, шығарылым және орналастыру
орны – Ұлыбритания.
Sunkar Resources Plc компанияның акционерлерінің компанияның 10 және
одан да көп дауыс беруші акцияларына ие құрамының өзгеруі туралы
хабарлайды .
Компанияның 10 және одан да көп дауыс беруші акцияларына ие
акционерлер құрамының өзгерген күні 2013 жылдың 19 ақпаны.
Компанияның бағалы қағаздарын орналастыру бойынша мәміле жасау
нәтижесінде Компанияның акционерлерінің құрамына жаңа ірі акционер –
SAPC кірді, компанияның акционерлік капиталының жалпы шығарылымынан
51,15 % құрайды.
Ақпарат алу үшін келесі бтелефондармен байланысуға болады:
Sunkar Resources plc
Teck Soon Kong, Төрағасы
Серікжан Өтеген, Бас Директор
Тел: +44 20 7397 3730
Strand Hanson Limited
Simon Raggett
Stuart Faulkner
David Altberg
Тел: +44 20 7409 3494
Bankside Consultants
Simon Rothschild
Тел: +44 20 7367 8888
цитата соңы
[2013-02-21]