"Банк ЦентрКредит" АҚ "Темiрбанк" АҚ (Қазақстан) KZP07Y10C336 (KZ2C00000461, TEBNb18) ипотекалық облигациялары бойынша кепілдеме жағдайына тексеру жүргізілгені туралы хабарлады

21.02.13 12:44
/KASE, 21.02.13/ – Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Темiрбанк" АҚ (Алматы) KZP07Y10C336 (KZ2C00000461, TEBNb18; 0,01 теңге, 10,0 млрд теңге; 15.03.10 – 15.03.20; жарты жылдық жылжымалы купон, 8,00 % ағымдық купондық кезеңге жылдық; 30/360) ипотекалық облигацияларын ұстаушы өкілі болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға ресми хатпен 2013 жылдың 01 қаңтарында кепілдік тізбесі мәліметтері бойынша "Темiрбанк" АҚ аталмыш облигациялары міндеттемелері орындалуын қамтамасыз етуші кепілдік мүлігінің жағдайына тексеру жүргізілгенін хабарлады. "Банк ЦентрКредит" АҚ жүргізілген тексеру негізінде төмендегіні хабарлады: ...ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету және коэффициент мәні облигациялар шығарылымы мен кепіл шартының талаптарына сәйкес келеді. Сондай-ақ іріктеп тексеру қорытындысы бойынша өкіл "Темiрбанк" АҚ қарыздар бойынша мәліметтерді есепке алу жүйесіне ақпарат енгізуге және негізгі қарызды өтеуге және кепіл затына мониторинг жүргізіп, қабылданған шаралар туралы хабарлауды ұсынды. "Темiрбанк" АҚ мүлігі міндеттемелерінің орындалуына қажетті ұсынылған ақпараттың дұрыстығына ҰСН KZP07Y10C336 облигацияларын ұстаушылардың алдында "Темiрбанк" АҚ жауапты болып табылады. [2013-02-21]