"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ еншілес ұйымы – "Қазақстан Халық жинақ банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамындағы банктің үлесін сатып алу мүмкіндігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді

19.02.13 17:29
/KASE, 19.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 19 ақпанында биржаға жолдаған бапасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы Кеше "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі (АА) мемлекет "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның (бұдан әрі – Халық банкі) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы – Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дағы (бұдан әрі – Зейнетақы қоры) үлесін сатып алуы және "БТА-Банк" АҚ (бұдан әрі – БТА-Банк) акцияларымен есептесуі мүмкін деген ақпарат таратты. Осыған орай Банкке түсіп жатқан түрлі сұрату-сұрауларға орай және нақтыланбаған мәліметтердің таралуына жол бермеу үшін Халық банкі мынадай мәлімдеме жасауды жөн деп санайды. Халық банкі Зейнетақы қорын қашан да "Халық" қаржылық тобының стратегиялық активі ретінде қарастырып келді. Қазіргі уақытта Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстанның зейнетақылық жүйесіндегі көш бастаушы қор болып табылады, қаржы нарығында 15 жылдан бері қызмет көрсете отырып, Зейнетақы қоры өз активтерін жоғары тиімділікпен әрі кәсіби біліктілікпен басқаруды қамтамасыз етті, қаржылық орнықтылығы мен қызметінің бүркемесіздігін дәлелдей алды және миллиондаған салымшының сеніміне ие болды. 2013 жылғы 19 ақпан күнгі жағдай бойынша Банктің Зейнетақы қорындағы үлесін сатып алу туралы Халық банкіне қандай да бір ресми ұсыныс түскен жоқ, атап айтқанда мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай ұсыныс болған жоқ. Тиісінше, Банктің Зейнетақы қорының акциялары үшін есеп айырысу тәртібі, оның ішінде БТА-Банк акцияларымен есептесу мүмкіндігі қарастырылған жоқ. Халық банкі мұндай корпоративтік әрекеттер, біріншіден, "Халық" тобының даму стратегиясына сәйкестігі, екіншіден, экономикалық орындылығы тұрғысынан, үшіншіден, салымшылар мен клиенттердің, кредиторлардың, акционерлер мен қызметкерлердің мүддесі тұрғысынан, сондай-ақ заңнама нормалары мен банктік реттеу қағидаларына, қор биржаларының листингтік талаптарына және қолданыстағы (әрекет етуші) шарттар талабына сәйкес келуі, активтер мен жасалатын мәмілелер құнының әділ бағалануы тұрғысынан мұқият зерттеліп-зерделенуі тиіс деп есептейді. Халық банкі қалыптасқан жағдайға байланысты мәселені анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілдерінен алдын ала кеңес алуды жоспарлап отыр. Банктің Зейнетақы қорындағы үлесін сату немесе айырбастау мүмкіндігін Халық банкі тек ресми ұсыныстар түскен жағдайда ғана қарастыратын болады. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы [2013-02-19]