"Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

19.02.13 15:46
/KASE, 19.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 18 ақпанында биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: 2012 жылдың қорытындысы бойынша "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйақыларының көлемі 2,9 млрд. теңгеге жетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға кем. Сыйақылар көлемінің түсуі қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруларды өмір сақтандыру компанияларына беруге байланысты болды. Сақтандырудың осы класын қоспағанда компанияның сақтандыру сыйақылары 24 % өсті. Сатылымның өсуі есебінен оң нәтижелерге ерікті сақтандырудың келесідей түрлері бойынша қол жеткізді: АвтоКАСКО бойынша – 257,1 млн. теңге (2011 жылмен салыстырғанда 34%-ға өсуі), мүлікті сақтандыру – 346 млн. теңге (179%-ға өсуі), жүктерді – 262 (145%-ға өсуі). Сақтандырудың көпшілікке кең тараған түрі –көлік құралдарының иелерін ОС ГПО бойынша компания 1,1 млрд. теңге жинады (2011 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға өсуі). 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру компаниялары арасында жалпы сақтандыру бойынша "Коммеск-Өмір" ТОП- 3-ке кіріп, 3 орынға иеленді, үлесі 11,2 % құрады. Өиткен жылдағы сақтандыру төлемдері 5,1 млрд теңгеден асты, өткен жылға қатынасты өсім 365 % құрады. Саның ішіде ОС ГПО ВТС бойынша төлемдер көлемі 366, 6 млн. теңгені құрады, өстке жылмен салыстырғанда өсім 3%, АвтоКАСКО бойынша – 171 млн. теңге, өсім – 68%, сырқаттану жағдайына сақтандыру – 224 млн. теңге, өсім – 62%. 2012 жылы компания отандық сақтандыру нарығының тарихындағы ең ірі сақтандыру төлемдерінің бірі, 4 миллиард теңгеден үстем көлемінде, өрт нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайы бойынша төленді. Сақтандыру төлемдерінің 2012 жылдағы саны 19 461 болды. Ең жиі төленген төлемдер (16 296) медициналық сақтандыру бойынша (сырқаттану жағдайында) жүзеге асырылды. Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_reliz_180213.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-02-19]