АНОНС: 22 ақпанда KASE маркет-мейкерлерге арналған семинар өткізеді

19.02.13 12:22
/KASE,19.02.13 - 18.02.13 жаңалықты қайталау/ – 2013 жылдың 22 ақпанында алматы уақытымен сағат 16:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) "Маркет-мейкерлердің қызметіндегі негізгі өзгерістер" атты семинар өткізеді. Семинардың өтетін орны – KASE конференц-залы, мекен- жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8-ші қабат. Семинар аясында барлық тыңдаушылар биржадағы маркет-мейкерлер қызметіне қатысты барлық өзгерістер мен жаңалықтармен және регламенттелген ішкі құжат "Маркет-мейкерлер туралы ережемен" толық танысады. Бұрын хабарлағандай, Маркет-мейкерлер туралы ережені 2012 жылдың 26 қарашасында Биржалық кеңес бекітіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау комитетімен 2012 жылдың 28 желтоқсанында келісілген. Семинарға қатысуға шақырылғандар - трейдерлер, Биржаның маркет- мейкер міндеттерін орындаушы сауда-саттық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы ақпарат жазылған өтінімді (аты, жөні, байланыс мәліметтері, мекеме атауы, лауазымы) электрондық мекен- жайына жіберу project@kase.kz немесе телефонына хабарласу +7 (727) 237 53 40 қажет. Семинар тегін, орындар шектеулі. [2013-02-19]