/ҚАЙТАЛАУ/ 20 ақпан күні Қазақстан қор биржасында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі

19.02.13 10:44
/KASE,19.02.13 - 07.02.13 жаңалықты қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Алматы) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2011 жылдың 18 наурызында, 6,0 млрд теңге сомасына тіркеген, осы эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушысы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы). Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y03D951 облигациясының 200 000 данасын (жарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 6,7 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – AGKKb2. Эмитент кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен көрсетілген саны көрсетілуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" (жинақталған сыйақысымен қосып) бағасына көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkkf9b2_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-02-19]