Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 18 ақпан күні жинақтаушы зейнетақы қорларынан Қазақстан қор биржасында Қаржы Министрлігі шығарған, сомасы 9,8 млрд теңге, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін сатып алды
18.02.13 15:28
/KASE, 18.02.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 15 және
18 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Сатып алушы) жинақтаушы зейнетақы
қорларынан Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелерін (МЕКАМ) сатып алуы бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілді деп хабарлайды.
Сатуып алушының жоспарланған сатып алу сомасы 10 млрд теңгені
құраған.
Сауда-саттыққа KASE төрт мүшесі қатысты, олардың берген 12 өтінімінен,
өтінімдер беру кезеңі аяқталар сәтте, 9 452 450 бағалы қағазды сатуға
10 өтінімі белсенді болып қалды. Ұсынымның жалпы сомасы
жоспарланғаннан 2,6 есе артты.
Ұсыным параметрлері (тек белсенді өтінімдер бойынша):
------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық "таза" Кірістілігі өтін. өтінімдер көлемі
----------------
коды орт.сар. баға, % орт.сар., жылдық % саны мың дн. млн тг
------------ ---------------- ------------------- ----- -------- -------
MOM060_0033 101,0185 3,8964 1 0,6 0,6
MOM060_0035 101,4320 4,1872 1 4500,0 4567,4
MOM060_0037 96,1582 4,6605 1 166,5 162,5
MUM072_0004 108,6088 3,8822 1 299,7 347,1
MUM084_0007 103,0376 5,0541 1 1999,6 2104,0
MUM084_0008 102,3291 5,3693 1 1300,0 1385,5
MUM096_0008 100,8802 5,7795 2 400,0 415,5
MUM108_0005 97,4815 6,0635 1 786,0 780,8
MUM120_0007 101,5853 6,2179 1 1 шт. <0,1
Осы арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша
Сатып алушы барлық өтінімді қанағаттандырды. Мәмілелердің жалпы
сомасы 9 763 524 117,25 теңгені (ағымдағы биржалық бағам бойынша АҚШ
долларымен баламасы 64 882 536,66 АҚШ доллары) құрады.
[2013-02-18]