"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Бизнестің жол картасы– 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін марапатталғаны туралы хабарлайды

14.02.13 14:03
/KASE, 14.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2013 жылдың 14 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы Жамбыл облысының әкімдігі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамын облыс көлемінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік банк» ретінде марапаттады. Облыс әкімдігінде өткізілген Мемлекеттік серпінді индустриялдық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2012 жылдың нәтижелерін қорытындылауға арналған кеңейтілген жиналыста «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы осы өңірдегі екінші деңгейлі 14 банктің ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген, қатыстырылған және қаржыландырылған жобалар саны бойынша көш бастаушы банк болып танылды. Облыс әкімдігінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның кәсіпкерлікті дамыту және қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы үлкен жауапкершілігіне және белсенді азаматтық ұстанымына жоғары баға берілді. Тиісті марапатты Халық банкіне салтанатты жағдайда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев мырза табыстады. Өткен 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, облыс бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 88 өңірлік жобаның 19-ы Қазақстан Халық Банкі арқылы қаржыландырылды. Жалпы алғанда, облыс көлемінде 2012 жыл ішінде субсидияландыру шарттарын қаржыландыру ауқымы 5 096,03 млн. теңгені құрады, оның ішінде Халық Банкінің Жамбыл облыстық филиалынан қаржыландырылған жобалар сомасы 1445,2 млн. теңге болды. Халық банкінің қатысуымен мақұлданған облыс көлеміндегі жобалардың басым бөлігі көлік және қойма жалдау секторына (26,3%), ақпарат және байланыс (21%) саласына, сондай-ақ агро-өнеркәсіп кешенінің (21%) үлесіне келеді. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы [2013-02-14]