"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Zhaikmunai Group Limited Директорлар кеңесі Лондондық қор биржасында ЖДҚ кері сатып алу бағдарламасын құптағаны туралы хабарлады

11.02.13 15:46
/KASE, 11.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), 2013 жылдың 11 ақпанында биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: Zhaikmunai L.P. ("Жайықмұнай" немесе "Серіктестік") өзінің бас серіктесі Zhaikmunai Group Limited Директорлар кеңесінің отырысында ЖДҚ кері сатып алу бағдарламасы қаралып, дауыстардың білікті көпшілігімен жауапкершілігі шектеулі серіктестің серіктестерінің қарауына келесі ұсыныстарды қарау туралы шешім қабылдады: (1)Серіктеске, Лондондық қор биржасында тіркелген, жаһандық депозиттік қолхаттар (ЖДҚ) сондай-ақ "Жайықмұнай" ЖШС қатысушыларының үлестерін кері сатып алу бойынша сенімхат беруді, ұсыну; (2)ЖДҚ кері сатып алудың осы бағдарламасының басталуын қарастыратын, "Жайкмунай" жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы келісіміне кейбір түзетулер енгізу. Директорлар кеңесі жауапкершілігі шектеулі серіктестер арасында, 2013 жылдың 28 наурызында Амстердам қаласында серіктестердің жалпы жиналысын жоғарыда аталған сұрақтарды қарау және дауысқа салу үшін шақырту туралы хабарламасын тарату көздеді. Қосымша ақпараттар Қосымша ақпараттар алу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.zhaikmunai.com Қосымша сұрақтар Zhaikmunai LP – Инвесторлармен байланыс Бруно Меер (Bruno Meere), Кирсти Гамильтон-Смит (Kirsty Hamilton-Smith) investor_relations@zhaikmunai.com + 44 (0) 1624 68 21 79 Pelham Bell Pottinger Филипп Деннис (Philip Dennis) Elena Dobson + 44 (0) 207 861 32 32 [2013-02-11]