ҚҰБ ҚҚК "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) KZP06Y10C593 (KZ2C00000404, HSBKb17) облигацияларын 2012 жылдың 29 шілдесінен 2013 жылдың 28 қаңтарына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

11.02.13 13:34
/KASE, 11.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 01 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2013 жылдың 29 шілдесінен 2013 жылдың 28 қаңтарына дейінгі кезеңде "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы аясындағы алтыншы шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 1 500 000 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZP06Y10C593, KZ2C00000404, HSBKb17; 10 000 теңге, 15,0 млрд теңге, 29.07.09 – 29.07.19; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша енгізілген. [2013-02-11]