"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) оған әкімшіліктік жазалау ықпалшарасы қолданылғаны туралы хабарлады

08.02.13 16:54
/KASE, 08.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетінің 24.01.2013 ж. әкімшіліктік тәртіп бұзушылығы үшін әкімшіліктік жазалау қолдану туралы Қаулысы негізінде, "Цеснабанк" АҚ, Қазақстан Республикасы Әкімшіліктік тәртіп бұзукшылықтар туралы Кодексінің 172-2 б. сәйкес, 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, немесе 778 950 (жеті жүз жетпіс сегіз мың тоғыз жүз елу) теңге көлеміндегі айыппұл ретінде әкімшіліктік ықпалшара қолданылды. "Цеснабанк" АҚ әкімшіліктік жауапкершілікке тартуға негіз болған, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі басқармасының 28.02.2011 жылғы .# 19 Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтер көрсету барысында туындайтын клиенттерінің жүгінулерін қарау ережелерінің 13 т. талаптарын бұзушылығы болды [2013-02-08]